$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған жылқышы ұсталды

Жылқышы мал жайғанда марихуана шегіп жүрген

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған жылқышы ұсталды
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері Байзақ ауданында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өзі жылқышы болып жұмыс істейтін шаруа қожалығына жақын маңда ірі көлемде есірткі жасырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Аумақты тексеру барысында жалпы салмағы 2 келі 840 грамм пакеттерге салынған «кептірілген марихуана» бар жасырын орындар табылды. Айтуынша, тыйым салынған заттарды өзі бір жыл бойы тұтыну үшін жинаған. Сараптама қорытындысы бойынша ер адам ұсталған сәтте есірткілік мас күйде болып шықты. Жұмысшы 200 жылқыдан тұратын бірнеше үйірге жауапты болған.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,  - деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Серіктес жаңалықтары