09.01.2024, 13:12
Оқиғалар
«Миы қатты зақымданған»: Екібастұзда жұмысшы биіктен құлап кетті
Оқиғаға қатысты тергеу басталды
фото: freepik
Екібастұзда 54 жастағы ер адам биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қаңтарда 15:36-да «Богатырь транс» ЖШС-нен биіктіктен құлау туралы қоңырау түсті.
«54 жастағы ер адам өндірістік жарақаттар алған. Ол ауыр дәрежедегі мидың жабық жарақаты, мидың зақымдану диагноздарымен Екібастұз қалалық ауруханаға жеткізілді», – деді станцияда.
Павлодар облысының еңбек басқармасының хабарлауынша, алтыншы разрядты электр жабдықтарын жөндеу бойынша электрик темір ұстасы жұмыстарды орындау кезінде 2,5 метрден құлаған. Жазатайым оқиға бойынша тергеу ашылды.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды