$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2020, 12:28
Оқиғалар

СҚО-да болған дауыл 24 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

Жүкті әйелдер босанатын ғимарат шатыры да қираған

СҚО-да болған дауыл 24 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

Солтүстік Қазақстан облысында болған қатты дауыл 7 ауданда 24 ғимараттың шатыры ұшырып әкетті. Тайынша ауданында үстіне құрылыс материалдары құлаған екі тұрғын ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Дауылдан зақымданған ғимараттардың тізімінде 6 білім беру мекемесі, 2 аурухана, 2 сауда нысаны, 6 тұрғын үй, 5 әкімшілік және басқа да нысандар бар.

«Тайынша, Ғабит Мүсірепов, Ақжар, Айыртау аудандарында қатты дауыл болып, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асып кетті. Түні бойы аудандық штабтардан түрлі ақпараттар түсіп жатты. Мәселен, түнгі сағат екі шамасында Тайынша ауданының Комсомольское ауылының екі тұрғынының үстіне жалпы аумағы 260 шаршы метр дүкен шатыры құлаған. Зардап шеккендер түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр. Әзірге жағдайлары бірқалыпты», - деді СҚО Төтенше жағдайлар жөніндері департамент бастығы Рамиль Камалов.

Дауылдан Мағжан Жұмабаев аудандық ауруханасының да шатыры да қираған. Шатырсыз қалған ғимаратта жүкті әйелдер босанатын бөлім бар. Дәрігерлер бақылауында жатқан үш жас ана мен сәбилері басқа бөлімшеге ауыстырылған. Жапа шеккендер жоқ.

Қатты дауыл салдарынан электр сымдары үзіліп, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды. Төтенше жағдай қызметінің баспасөз қызметі аталған аумақтарды ретке келтіру үшін мамандардың жұмылдырылғанын жеткізді. Арнайы комиссия құрылып, табиғи апаттан келген шығын көлемі есептелмек.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары