$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.12.2023, 16:53
Оқиғалар

Қостанай облысында қонақ үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты


Өрттен неден шыққаны әзірге белгісіз

Қостанай облысында қонақ үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты

Қостанай облысы Дружба кентінде екі қабатты «Жібек жолы» қонақ үйінің ғимаратында өрт шығып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Костанайские новости сайтына сілтеме жасап.

Өрт шатырды, ғимараттың екінші қабатын және ішінара бірінші қабатын қамтыды, өрттің жалпы алаңы 450 шаршы метрді құрады. Айта кету керек, өрт кезінде ғимарат пайдаланылмаған.

Өрт 13:18-де жойылды. Оқиға орнына құтқару қызметтері: төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен 13 техника, полиция департаментінің қызметкерлері мен 4 техника, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері шықты.

Өкінішке қарай, өртті сөндіру кезінде әйелдің мәйіті табылды.

Өрт орнынан жақын елді мекенге дейінгі қашықтық 11 шақырымды құрайды, оқиға фактісі бойынша тергеу тағайындалды және тексеру жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары