$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.12.2023, 21:59
Оқиғалар

Атырауда 1-курс студентін соққыға жыққандар ұсталды

Полиция қызметкерлері тиісті тергеп-тексеру амалын бастады

Атырауда 1-курс студентін соққыға жыққандар ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Атырауда агро-техникалық колледждің бес студенті бірінші курста оқитын бозбаланы соққыға жыққан. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің хабарлауынша, оқиға 28 желтоқсанда болған. 

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 13:00 шамасында Атырау агро-техникалық колледжінің 1-курсында оқитын​ студентінің соққыға жығылғаны анықталды. Осыған байланысты құқық бұзушылық жасады деген күдікпен аталған​ оқу орнының 5 студенті полиция бөліміне жеткізілді. Соққыдан соң зардап шеккен 1-курс студенті облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден өткізілді. Дәрігерлер соққыға жығылған студенттің​ жеңіл дене жарақатын алғаны туралы анықтама берді», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Полиция қызметкерлері тиісті тергеп-тексеру амалын бастады. 

Серіктес жаңалықтары