$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.12.2023, 20:34
Оқиғалар

Ақтауда блогерді ұрып-соққан ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды

Полиция тергеу амалдарын жалғастырып жатыр

Ақтауда блогерді ұрып-соққан ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды
Фото ашық дереккөзден

Ақтауда блогерге күш көрсетіп, зорлық-зомбылық жасаған ер адам жауапқа тартылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ол қыз балаға шабуыл жасаған. Ал зардап шеккен блогердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде блогердің өзі хабарлады. Айтуынша, соққыдан кейін ауыр халде жатыр. 

«Мен Дүйсенова Несібелі Маратқызы облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатырмын. Жағдайым орташа ауыр. Өлтіру мақсатында маған қасақана шабуыл жасаған азаматты қамауға алып, іс қозғауыңызды талап етемін», - деп жазды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Күш көрсеткен күдікті жәбірлеушіге тірі қалмайтынын ескерткен.

Оқиға кезінде ол блогердің сөзіне құлақ аспастан ұрып-соғуды жалғастырған. Сонымен бірге, мойнынан қылқындырып, басына секіргені айтылады.

Облыстық полиция департаменті арнайы хаттама толтырылғанын растады.

«Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК 73-бабымен 23 жастағы азаматқа әкімшілік хаттама жасалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция тергеу амалдарын жалғастырып жатыр», — деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары