Қостанай облысында жоғалып кеткен әжесі мен немересі өлі күйінде табылды

Azattyq Rýhy

Олар үсіп өлген

Қостанай облысында жоғалып кеткен әжесі мен немересі өлі күйінде табылды
Фото: stan.kz

Қостанай облысындағы ауылдың шетінен әйел мен баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

68 жастағы әйел мен 11 жастағы қыз 2023 жылдың 26 ​​желтоқсанында таңертең Степное ауылынан шығып, үйіне оралмаған соң іздеу жарияланған. Олар Қостанайға барып азық-түлік сатып алмақ болған.

Полицейлер із-түзсіз жоғалған әжесі мен немересін табу үшін дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Іздеу жұмыстарына 120-ға жуық адам мен алты техника жұмылдырылды.

«2023 жылы 27 желтоқсанда сағат 12-лер шамасында Степное ауылының шетінен жоғалған адамдардың мәйіті табылды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деді Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ведомство барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында әжесі мен немересі боранда жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.