22.12.2023, 16:58
Оқиғалар
Ақтөбеде көлік ағашқа соғылып, екі адам қаза тапты
Жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай қайтыс болды
Коллаж: Azattyq Ruhy
Ақтөбе қаласындағы орталық даңғылда көлік ағашқа соғылып, соның салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Диапазон» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 16 желтоқсанда таңғы сағат 4.00 шамасында Әбілқайыр хан даңғылының бойында болған.
«ВАЗ-2114» көлігінің 18 жастағы жүргізушісі «Мир» бизнес орталығының жанына жеткен рөлді басқара алмай, ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілді, алайда олар алған жарақатынан қайтыс болды», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды