$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жеке үйде газ жарылды: Алматы облысында 2 адам қаза тапты

Зардап шеккен ер адам мен бойжеткен ауруханада қайтыс болды

Жеке үйде газ жарылды: Алматы облысында 2 адам қаза тапты
Фото: Талғар ауданы әкімдігі

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы 32 жастағы ер адам 21 желтоқсанда қайтыс болғанын хабарлады. Тұрғын үйдегі газдың жарылуынан оның денесінің 95% күйік шалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ауыр жарақат салдарынан 1991 жылы туған ер адам 21 желтоқсанда көз жұмды. Ал осы түнде 2003 жылғы бойжеткен жантәсілім етті. Оның денесін 3-4 дәрежелі күйік шалған», - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 17 желтоқсанда Алматы маңындағы Гүлдала ауылында жеке үйлерде газ жарылып, төрт адам зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылған еді. Сондай-ақ, Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппаратына және аудандық төтенше жағдайлар бөліміне алдын алу шараларын ұйымдастыру, тұрғын үйлерді аралау және тексеру тапсырылған болатын. 

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары