$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.12.2023, 11:57
Оқиғалар

Желіде жарияламақ болған: Шымкентте көлігін шыршамен безендіріп алғандар ұсталды

Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатты

Желіде жарияламақ болған: Шымкентте көлігін шыршамен безендіріп алғандар ұсталды
Видеодан кадр

Шыршамен және жаңажылдық жылтырақтармен безендірілген шетелдік көліктерді Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары байқаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Осындай безендірулермен Porsche Panamera, Toyota Camry, Lexus ES, Mercedes-Benz және Hyundai Elantra көліктері Қонаев даңғылымен Бәйдібек би бағытында жүріп бара жатқан», - делінген хабарламада.

Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатты.

Жүргізушілер өз әрекетін жол қозғалысы қағидасының тармағын білмегендік деп ақтағысы келді. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды: құқықбұзушыларға ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа жеткізілді.

Белгілі болғандай, жігіттер бұл әрекетке танымал әлеуметтік желідегі контент үшін барған.

Серіктес жаңалықтары