$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға түсті

Түркістан облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
фото: otyrar.kz

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы болып, 1 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 20 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Төлеби ауданы аумағындағы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолында болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шымкент қаласынан Сарығаш ауданына шыққан «Toyota Camry» автокөлігі бір бағытта келе жатқан «Mersedes-Sprinter»-мен соқтығысқан. Салдарынан спринтердің 70 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал екі жүргізуші мен Мерседестің 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Төлеби АПБ мен аудандық прокуратура басшылығы шықты. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркелді», - деді Түркістан облысы ПД ЖПҚ бастығының орынбасары Ерлан Асқаров.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға байланысты тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары