Астанадан Қарағандыға шыққан 18 жастағы такси жүргізушісі жоғалып кетті

Ол 9 желтоқсанда Астана-Қарағанды бағытында тапсырыс алып, содан бері оралмаған

Астанадан Қарағандыға шыққан 18 жастағы такси жүргізушісі жоғалып кетті
видеодан кадр

Астаналық 18 жастағы такси жүргізушісі Нұрсұлтан Жәнібекұлы Қарағандыға кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Patriotkaragandy мәліметінше, Нұрсұлтан Жәнібекұлы сұр түсті Chevrolet Cobalt көлігімен адам тасымалдаумен айналысқан.   

Ол 9 желтоқсанда Астанадан Қарағандыға тапсырыс алған. Куәгерлердің айтуынша, ол кейін Қарағандыдан Алматыға кеткен. Осыдан кейін ол байланысқа шықпай қалды.  

Полиция Нұрсұлтанның қайда екенін білетін азаматтардан Астана қаласы Байқоңыр аудандық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөліміне 8 (7172) 71-60-87, 8 (7172) 20-23-29, 8 (775) 217 80 98 телефондары арқылы хабарласуларын сұрайды.   

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.