15.12.2023, 09:41
Оқиғалар
Атырау облысында жүкті әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды
Фото: kazpravda.kz
Атырау облысында Махамбет ауданының тумасы 29 жастағы жас келіншек жүктіліктің 36-аптасында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Ақ жайық» басылымына сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас 5 желтоқсанда «жедел фарингит» диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның артында бір жасар баласы қалды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады