14.12.2023, 16:26
Оқиғалар
Шымкентте газ жарылып, 29 жастағы жігіт қаза тапты
Оқиғаның себептері анықталып жатыр
фото: otyrar.kz
Шымкентте газ жарылып, 29 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Отырарға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға бүгін, 14 желтоқсан күні сағат 11-де Қызылжар шағынауданында болған.
Үйдегі өрт салдарынан газ-ауа қоспасы жарылған.
Өрт кезінде 1994 жылы туған ер адам қайтыс болды.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қазандықтың электр тұрақтандырғышының немесе жылыту қазандығы жанындағы сымның өртенуі, содан кейін жылыту құрылғысының еруі газдың сыртқа жайылуына және кейіннен жарылысқа әкеп соқтырған.
Көп оқылған
12.04.2026, 17:42
ТЖД үш бала қаза тапқан өртке қатысты мәлімдеме жасады
12.04.2026, 11:09
Ауыл дәрігерлеріне берілетін әлеуметтік төлем екі есе өсті
12.04.2026, 10:44
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала қаза тапты
12.04.2026, 20:19
Астанадағы балалар өлімі: қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)
12.04.2026, 12:11
Қазақстанда ғылым саласын қаржыландыру көлемі 260 млрд теңгеге жетті