$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да қызылшадан алты айлық сәби көз жұмды

Дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қала алмады

ШҚО-да қызылшадан алты айлық сәби көз жұмды
Фото: freepik.com

Шығыс Қазақстанда қызылша жұқтырған алты айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сәби қызылшаның асқынған түрімен ауырғанын мәлімдеп отыр. Сәбиде пневмония түріндегі асқыну болғаны анықталған. Өкінішке қарай, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында қызылшаны жұқтырудың 121 жағдайы тіркелген.

«Өкінішке қарай, қазіргі уақытта қызылшамен ауырып жатқандардың қасында болған адамдардың екпе алудан бас тарту фактілері бар. Бұл тенденция қызылшамен ауырғандар арасында да байқалады, олардың 90,6 пайызы екпе алмаған. Бүгінгі таңда 18 жасқа дейінгі балаларға екпе салу жұмысын жандандыру қажет», - дейді ШҚО СЭБД басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Серіктес жаңалықтары