Оралда жеке кәсіпкер 750 млн теңгеден астам салық төлеуге міндеттелді

Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды

Оралда жеке кәсіпкер 750 млн теңгеден астам салық төлеуге міндеттелді
Фото: gov.kz

Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қаласының жеке кәсіпкерлерінің бірінің салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тергеу анықтағандай, 2019-2020 жылдары құрылыспен айналысатын жеке кәсіпкер көрінеу бұрмаланған мәліметтерді салық декларациясына негізсіз енгізіп, қызметтерді сатып алу сомасын асыра көтеріп, осылайша 605 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған.

Өсімпұлды ескере отырып, өндіріп алуға жататын сома 752 млн теңгені құрайды», - делінген агенттік хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды, себебі кәсіпкер өзінің кінәсін мойындап, салықтар бойынша берешекті өз еркімен төледі.

Мұндай қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық кодекстің ескертпесінде көзделген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.