Шығыс Қазақстанда ер адамнан 5 келіден астам марихуана тәркіленді

Күдікті өз кінәсін мойындап, есірткіні жеке пайдалану үшін сақтағанын айтты

Шығыс Қазақстанда ер адамнан 5 келіден астам марихуана тәркіленді
Фото: Polisia.kz

ШҚО тұрғынынан 5 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасады деген күдікпен Глубокое ауданының 36 жастағы тұрғынын анықтады.

Ер адамның тұрғылықты жері бойынша дереу тінту жүргізу кезінде жедел уәкілдер қызметтік итті қолдана отырып, жалпы салмағы 5 келіден астам жасыл түсті өсімдік тектес 6 бұта мен 13 полиэтилен пакетін тауып, тәркіледі.

Күдікті өз кінәсін мойындап, есірткіні жеке пайдалану үшін сақтағанын айтты.

Осы факті ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-да тіркелген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.