$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2023, 15:52
Оқиғалар

Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың денесі табылды

Оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс істеп жатыр

Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың денесі табылды
Видеодан кадр

Түркістанда екі күн қатарынан іздестірілген 4 жасар баланың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 желтоқсан күні түстен кейін үздіксіз іздестіру нәтижесінде 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы септиктен табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексерді, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылған жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жүр. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады.

1 желтоқсан күні кешке жергілікті тұрғын қала полициясына хабарласып, ойнауға шыққан 4 жасар ұлы үйіне оралмағанын жеткізген еді.

Жоғалған баланы іздеуге полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары, сондай-ақ Ұлттық ұланның құтқарушылары мен әскери қызметшілері жұмылдырылды. Баланы іздеуде еріктілер, жергілікті тұрғындар және бей-жай қарамайтын азаматтар да көмек көрсетті. 

Жақын маңдағы аумақтарды, тұрғын үйлерді аралау жүргізілді, қараусыз қалған үйлер, арықтар және кішкентай бала бара алатын басқа да орындар тексерілді.

Серіктес жаңалықтары