$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2023, 14:05
Оқиғалар

Павлодар облысынды әскери курсанттар жаппай ауруханаға түсті

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді

Павлодар облысынды әскери курсанттар жаппай ауруханаға түсті
фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысындағы оқу мекемесінің курсанттары Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасына түсті. Қойылған диагноз – ауырлығы орташа дәрежедегі жұқпалы респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ), өткір ринофарингит, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, 29 қарашада ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті орталығының курсанты – 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Тағы 10 курсант 1 желтоқсан күні кешқұрым түскен. Барлығынан анализ алынып, ем-дом тағайындалған.

«Олар халықтың декреттелген тобына енуіне байланысты – казармада жататындықтан ауруханаға жатқызылды. Қазір барлығының жағдайы тұрақты», – деп мәлім етті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Курсанттардың ешқайсысы әзірге ауруханадан шығарылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары