29.11.2023, 14:38
Оқиғалар
Оралда мұғалім оқушыны ұрған: тергеу басталды
Сот-медициналық сараптама тағайындалды
Фото: nazarnews.org
Полиция қызметіне Орал қаласындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 6 сынып оқушысын ұрғаны жөнінде хабарлама түседі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Орал қаласының полиция басқармасының басшылығы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары барды.Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, сот-медициналық сараптама тағайындады.
«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 140-бабымен кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады