Ақмола облысында үй өртеніп, үш бала қаза тапты

Azattyq Rýhy

Алты айлық сәби ғана аман қалды

Ақмола облысында үй өртеніп, үш бала қаза тапты
Фото ашық дереккөзден

Кеше, 25 қараша күні Ақмола облысы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда үй өртеніп, үш кішкентай бала қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 716kz-ке сілтеме жасап.

25 қарашада Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда тұрғын үй өртке оранды. Өрт кезінде үш бала қаза тапты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттен екі жасар бала мен алты жасар қыздың мәйітін алып шыққан. Кейін үйінді астынан тағы бір бала өлі күйінде табылды.

Алты айлық сәби ғана аман қалды. Бала оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті.клама

Құзырлы органдар әзірге басқа мәлімет берген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.