25.11.2023, 14:15
Оқиғалар
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға Қарағанды-Қарқаралы тас жолында болған
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 25 қараша сағат 08:50 шамасында Қарағанды-Қарқаралы тас жолында Lada Vesta автокөлігімен Mercedes Benz автокөліктерінің қатысуымен болды.
Жол апаты салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі және оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. 30 жастағы Lada автокөлігінің жүргізушісі және оның 51 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Полиция көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.
Көп оқылған
14.05.2026, 10:40
Қызылорда облысында 14 жыл бұрын бозбаланы пышақтап өлтірген қылмыскер анықталды (ВИДЕО)
14.05.2026, 15:27
«Жұмыстан кеткіңіз келсе – кетіңіз»: Аймағамбетов «жұмыстан шыға алмай жүрген» қазақстандықтарға қуанышты жаңалық айтты
14.05.2026, 10:33
Ақмола облысында 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
14.05.2026, 11:08
«Әке, сіз салып берген сара жолмен жүріп келеміз»: Амангелді Сейітханның ұлы матч жүргізіп, елдің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)