Павлодардың ондаған ауылы ауа райының қолайсыздығынан жарықсыз қалды
Азаматтық қорғау қызметтері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда
Павлодар облысында қатты дауылдың салдарынан бірқатар ауыл жарықсыз қалды. Ал қаланың өзінде жел шатыр мен электр сымдарын бұзды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 18 және 19 қарашада аймақтағы қолайсыз ауа-райының салдарын атап өтті.
«ТЖД қызметкерлері ғимараттардың 42 шатырының бұзылуын тіркеді. Жүздеген елді мекенде электр қуаты сөндірілді, оның 60-сында жарық қалпына келтірілді», – деп хабарлады ведомстводан.
Павлодарда, куәгерлердің айтуынша, Мәшһүр Жүсіп пен Кривенко көшелерінің қиылысында бағдаршам желмен соғылып, тағы біреуі Торайғыров көшесінде құлаған. Дауыл желінен көліктер де зардап шекті, оларға шатыр және ағаштар құлады. Бірнеше аялдама қирады.
Азаматтық қорғау қызметтері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.
ТЖД павлодарлықтардан мүмкіндігінше ауа-райы жақсарғанға дейін көшеге шығудан бас тартуды сұрайды.