19.11.2023, 14:00
Оқиғалар
«Алматы-Қорғас» тасжолында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті
Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылған
Кадр Polisia.kz видеосынан
Жол апаты 18 қарашада Жаркент қаласының маңында екі Аудидің қатысуымен болды. Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді, оның біреуі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Автокөліктер Алматы-Қорғас тас жолының 336 шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рульге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берді. Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған өртке қарсы қызметінің өрт сөндірушілері өшірді.
Полиция апаттың барлық жағдайларын мұқият анықтауда.
Көп оқылған
17.10.2026, 13:01
Талдықорғанда TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды
17.10.2026, 06:19
Атырау вокзалында жұмысшы бес метр биіктіктен құлаған: жағдайы ауыр
17.10.2026, 21:17
Астанада әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған мас еркек 10 тәулікке қамалды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды