Новости спорта, футбол, КПЛ

Алматы облысында жолаушылар автобусы өртенді

Azattyq Rýhy

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ

Алматы облысында жолаушылар автобусы өртенді
Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысының Іле ауданы Байсерке ауылында жолаушылар автобусы өртенді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша,2023 жылғы 17 қарашада сағат 16:29-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Байсерке ауылында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері тез арада жөнелтілді.

«Өрттің алдын-ала себебі – қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт 16 сағат 58 минутта жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 3 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Алматы облысының ТЖД автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.