$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында кісі өлтірген Тәжікстан азаматы ұсталды

Ол қылмысын Ресейде жасаған

Павлодар облысында кісі өлтірген Тәжікстан азаматы ұсталды
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысында кісі өлтірген Тәжікстан азаматы ұсталды. Ол Ресейде қылмыс жасаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері осы жылдың шілде айынан бастап мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.

15 қарашада рейдтік іс-шара барысында құрылыс нысандарының бірінде тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Тәжікстан Республикасының үш азаматы ұсталды. Аталған азаматтардың жеке басын анықтау үшін көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді. 

«Деректер базасы бойынша тексеру кезінде үш шетелдіктің Қазақстанға жеке мақсатпен келгені анықталды. Ал 22 жастағы шетелдік азамат ағымдағы жылдың шілде айында Ресей Федерациясында кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздестіруге жарияланғаны анықталды», – дейді департаментте. 

Серіктес жаңалықтары