17.11.2023, 06:21
Оқиғалар
Өскеменде ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті
Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады
Фото ашық дереккөзден
Өскемен қаласында ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға 15 қараша күні қаладағы Шәкәрім даңғылында болған.
Асфальт үстінде қимыл-қозғалыссыз жатқан ер адамды байқаған куәгерлер полицияға хабар берді.
Алдын ала дерек бойынша, азамат екіқабатты тұрғын үйдің шатырында өлшеу жүргізіп жатқанда абайсызда құлап кеткен.
«Қазіргі уақытта бұл дерек белгіленген тәртіппен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады. 31 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
19.08.2026, 11:54
ШҚО-да экс-сүйіктісін үш ай бойы аңдып, күні-түні маза бермеген ер адам ақыры сотталып тынды
19.08.2026, 16:50
«Жүрегің ауырады»: Бас мүфти Жамбыл облысындағы жас келіншектің өлімінен кейін мәлімдеме жасады
20.08.2026, 00:16
Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық: 20 тамызда дауылды ескерту жарияланды