15.11.2023, 16:57
Оқиғалар
Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды
Ол кішкентай баласын көліктің алдыңғы орындығына отырғызған
Фото ашық дереккөзден
Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Lexus NX200 автокөлігінде болған құқықбұзушылық туралы бейнеролик жарияланды.
«Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарған. Сондай-ақ автокөлік салонында балаларға арналған арнайы орындық қарастырылмағандығы анықталды», - делінген хабарламада.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері 27 жастағы әйелдің жеке басын анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 14:40
Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдіргендер ұсталды