Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалап келген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Azattyq Rýhy

Олар күш қолданып, кәсіпкерлердің автокөліктерін заңсыз иемденіп алған

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалап келген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте кәсіпкерлерге күш қолданып, бопсалап келген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Күдіктілер екі кәсіпкерге күш қолданып, олардың BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Сондай-ақ, күш қолдану арқылы ақша бопсалап келген. Тексеру кезінде төрт атыс қаруы, оқ-дәрілерімен, есірткі құралдары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

«Қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын құрықтады. Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған», - делінген ведомства тарапынан таратылған ақпаратта.

Полицияға 10 адам жеткізілді, оның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.