09.11.2023, 22:43
Оқиғалар
Ақтөбеде үйдің шатырынан секірмек болған 40 жастағы ер адам құтқарылды
Құтқарушылар оны бұл қадамнан бас тартуға әңгімелесіп көндірген
Фото: t.me/qr_tjm
Ақтөбелік құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсамақ болған 40 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 9 қарашада құтқарушылар дереу шақырту орнына шықты, онда ер адам үйдің шатырынан секіріп өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Рустам Бикбаев пен бөлімше командирі Нұрболат Әжіғұлов 40 жастағы ер адаммен әңгімелесіп, оны бұл қадамнан бас тартуға көндірді.
Құтқарушылар сіздерге әр қиындықтың шешімі бар екенін, өзіңізді және жақындарыңызды қорғау керек екенін ескертеді!
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады