Атырауда психдиспансерде 5 млн теңгеге сатып алынған ет жоқ болып шыққан
Аталған дерек мониторинг барысында анықталды

«Әділдік жолы» РҚБ Атырау филиалы бірқатар әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізіп, нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Аtpress.kz жазуынша, мониторинг тобының объектілері облыстық балалар ауруханасы, психикалық денсаулық орталығы және онкологиялық диспансер болды.
Мәселен, мемлекеттік сатып алу порталының мәліметінше, биылғы наурызда облыстық психикалық денсаулық орталығынан 3 612 000 теңгеге 1500 келі сиыр еті сатып алынған. Ал қазан айында 2 268 000 теңгеге тағы 1200 келі ет сатып алу туралы келісім жасалған.
«Алайда мониторинг барысында емдеу мекемесінде ол еттің жоқ екені анықталды. Сонымен қатар тамақ бір уақытта бояу жұмыстары жүргізіліп жатқан бөлмеде дайындалғаны анықталды. Бүгінде бұл орталықта 120-ға жуық науқас стационарлық ем алып жатыр», - деп хабарлайды Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Сондай-ақ аталған нысандардағы асханаларды тексеру барысында түрлі заңбұзушылықтар анықталғаны айтылады. Барлық фактілер негізінде ұсыныстар жасалды.