02.11.2023, 21:22
Оқиғалар
Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен оқ атқан ер адам ұсталды
Одан үш патроны бар «RETAY PT24» сигналдық тапаншасы тәркіленді
Фото ашық дереккөзден
Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен оқ атқан ер адам ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы криминалдық полициясының қызметкерлері әлеуметтік желідегі дабыл бойынша жедел әрекет ету аясында Атырау облысының тұрғыны, 2000 жылы туған Х. есімді азаматты анықтады және ұстады. Ол тұрғын үй кешендерінің бірінің балконынан, анықталмаған тапаншадан аспанға екі рет оқ атқан. Одан үш патроны бар «RETAY PT24» сигналдық тапаншасы тәркіленді», - делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен ұсталған адамның әрекетіне құқықтық баға берілетінін атап өтті.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды