$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2023, 20:51
Оқиғалар

Қарағандыдағы жол апаты: Ер адам автобус дөңгелегіне қарай өзі секірген

Бейнежазбаны полиция қызметкерлері зерделеді

Қарағандыдағы жол апаты: Ер адам автобус дөңгелегіне қарай өзі секірген
Фото: azh.kz

Бүгін Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 45 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болған еді. Аталған жол апатына байланысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде көшедегі бейнебақылау камерасынан алынған бейнежазба тарады. Онда көлік апаты болған сәт түсірілген. Бейнежазбадан ер адамның қоғамдық көлікке қарай өзі секіргенін көруге болады.

«Бейнежазбаны полиция қызметкерлері зерделеді. Қозғалған қылмыстық істің негізінде оқиғаның мән-жайы нақты анықталатын болады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 10:50-де Бұқар жырау даңғылындағы «Шығыс» базары ауданында орын алған еді.

Серіктес жаңалықтары