03.11.2023, 00:12
Оқиғалар
Астанада жолдан өтіп бара жатқан әйелді автобус қағып кетті
Автобус жүргізушісі тыйым салынған бағдаршамнан өткен
Фото ашық дереккөзден
Астанада жолдан өтіп бара жатқан әйелді автобус қағып кетті. Әйел ауруханаға жатқызылды. Автобус жүргізушісінің тыйым салынған бағдаршамнан өтіп кеткені белгілі болды. Бұл туралы елордалық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елордалық полиция жол-көлік оқиғасы тергеліп жатқанын хабарлады.
«Абылайхан даңғылымен келе жатқан маршрут автобусы жүргізушісі Жансүгірұлы көшесінің қиылысында тыйым салынған бағдаршамнан өтіп бара жатып, бағдаршам рұқсат берген кезде жолды кесіп өтіп бара жатқан 50 жастағы әйелді қағып кеткені анықталды», - делінген хабарламада.
Жаяу жүргінші жарақат алды, медицина мекемесіне жеткізілді.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды