$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.10.2023, 22:22
Оқиғалар

Ақтауда жаппай төбелес ұйымдастырған 76 жасөспірім ұсталды

Оның алтауы қамауға алынды

Ақтауда жаппай төбелес ұйымдастырған 76 жасөспірім ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Ақтау қаласында жаппай төбелес ұйымдастырған жасөспірімдер полицияға жеткізіліп, алтауы қамауға алынды. 56 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жасөспірімдер арасындағы шиеленіс 27 қазан, сағат 23:00 шамасында 27 және 28-ші шағынаудандар арасында болды. Олар жол бойында бір-біріне тас, шөлмек бөтелкелер лақтырған.

«Ақтау қаласы полиция басқармасына 15-18 жас аралығындағы 76 тұлға жеткізілді. Кәмелетке толмаған 56 баланың ата-анасына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тартылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 6 жасөспірім бұлтартпау шарасын қолдану арқылы қамауға алынған.

 

Серіктес жаңалықтары