$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда зорланған оқушыға қатысты полиция мәлімдеме жасады

Қазір аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

Алматыда зорланған оқушыға қатысты полиция мәлімдеме жасады
Фото: polisia.kz

Алматыда зорланған оқушыға қатысты полиция мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сақшылардың айтуынша, мектепте қорлық көрген оқушының анасы баласына сараптама жасатуға қарсы. Қазір аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Бұл дерекке қатысты қылмыстық істі тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 3-1-бөлігі бойынша тергеп жатқанын еске салады. Комиссиялық сот-медициналық сараптама жүргізілді.

Оның нәтижелері алынды. Сонымен қатар істің объективті мән-жайларын анықтау мақсатында тергеумен қосымша сараптамалық зерттеу тағайындалды, оны әлі күнге дейін жүргізу мүмкін болмады, себебі П.азаматша ұлына сараптама жасатқысы келіп тұрған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ІІМ мен ПД басшылығының бақылауында»,  - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, Алматының халықаралық мектебінде 1-сынып оқушысы зорлыққа ұшырағаны туралы баланың анасы жариялаған болатын. Онда оқиғаның 11-13 қыркүйек аралығында болғаны айтылады. Жаңа ұстатарлық жағдайды Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева да өз бақылауына алғанын мәлімдеген болатын. Қазіргі кезде тергеу амалдары да жалғасып жатыр. ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев аталған іске қатысы сараптама тағайындалғанын, алайда күдіктінің әлі анықталмағанын мәлімдеген болатын. Күні кеше ғана баланың анасы тағы да бейнеүндеу жариялап, тергеу жұмыстарына наразы екенін және күдіктінің әлі табылмағанын мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары