Екібастұзда 1,5 жасар сәби ауруханада дәріге тұншығып қайтыс болды

Azattyq Rýhy

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру бастады

Екібастұзда 1,5 жасар сәби ауруханада дәріге тұншығып қайтыс болды
Видеодан кадр

Екібастұзда 1 жарым жастағы бала дәріге тұншығып, көз жұмды. Оқиға қаладағы орталық ауруханада болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Сәбидің ата-анасының айтуынша, бұған ақ халаттылардың салғырттығы себеп. Ұйықтап жатқан балаға медбике қатарынан 3 бірдей ине салған. Артынша дәріні күштеп ішкізу үшін мұрнын қысқан. Осы кезде сәби дәріге тұншығып, көз жұмған.

«Мен дәрігерге кетісімен, медбике балама ешбір нұрсқаулықсыз асқазанына су жіберіп, қақырығын тазалаймын деп зонт қойған. Енді біздің күдігіміз сол зонт асқазанға тікелей бармай, өкпе қуыстарды жауып, баланы тұншықтырып өлтірді деген тұжырымға келіп тұрмыз», - дейді баланың анасы Дана Құрманғалиева.

Бұл жағдайға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру бастады.

«Баланың туған өкпесі қабынған. Жүрегінде де ақау болды. Бұған дейін бернеше рет дәрігерлер көмегіне жүгінген болатын. Қазір баланың өліміне байланысты қызметтік тексеру басталды. Оның құрамына өңірдегі балалардың бас дәрігері бастаған бір топ медицина қызметкері кіреді. Осы оқиғадан кейін ауруханада жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлнәр Жармакина.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.