24.10.2023, 15:49
Оқиғалар
Қарағанды облысында қатты желден мектеп пен тұрғын үйдің шатыры ұшып кеткен
Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ
Фото: ҚР ТЖМ / мұрағат
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы қатты дауыл салдарынан Тоғызқұдық ауылдық мектебінің спорт залының шатыры жұлынып кеткен. Сондай-ақ Үштөбе ауылында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Еkaraganda.kz жазуынша, қатты жел кеше, яғни 23 қазанда соққан.
ТЖД мәліметінше, төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.
«23 қазанда қатты жел салдарынан екі ғимараттың шатыры ұшып кетті. Бұқар жырау ауданы Тоғызқұдық ауылындағы Ж Аймауытұлы атындағы мектептің екі қабатты спорт залының шатыры жұлынды. Сондай-ақ Үштөбе ауылында бес қабатты тұрғын үйдің 100 шаршы метр аумақтағы шатыры қирап қалды», - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД өкілдері.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды