Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, үш жасар бала қаза тапты

Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 24 қазанда таңертең болған

Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, үш жасар бала қаза тапты
Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Петропавлда көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шығып, соның салдарынан үш жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 24 қазанда таңертең Жуков көшесіндегі көпқабатты пәтерде болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына екі минут ішінде жеткенімен, қаңйлы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады.

«Өрт сөндіру бөліміне тоғызыншы қабаттағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабар таңғы сағат 10.00-де түскен. Екі минуттан кейін өрт орнына өрт сөндірушілер келді. Келген уақытта пәтерде жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып жатты. 10 адам кіреберістегі баспалдақ арқылы эвакуацияланды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт сағат 10:14-те сөндірілді.

«Өрт салдарынан 2020 жылы туған бала түтін иісіне уланып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Бала жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, дәрігерлер оның көз жұмғанын мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.