Таразда 54 жастағы ер адам мешітте ұрлық жасады
Ер кісі кінәсін толық мойындады
«102» арнасына Тараздың 19 жастағы тұрғыны шағым білдірді. Жігіттің айтуынша, ол орталық «hибатулла-Тарази» мешітінде барған, онда намаз оқып жатқан сәтте әлдекім оның күртешесін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 23 қазан күні болған кешкі сағат 5 пен 6 арасында болған. Келтірілген шығын 25 000 теңгені құрайды.
«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері қаладағы шағын аудандарының бірінің 54 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам кінәсін толық мойындады, тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген хабарламада.