$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.10.2023, 11:35
Оқиғалар

15 баланың зорланғаны рас па: Түркістан облысының полициясы мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде құрбандар санына қатысты ақпарат тараған болатын

15 баланың зорланғаны рас па: Түркістан облысының полициясы мәлімдеме жасады
Фото: polisia.kz

Түркістан облыстық полиция департаменті 33 жастағы ер адамның 15 баланы зорлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оtyrar.kz жазуынша, бұған дейін әлеуметтік желілерде зорлық құрбаны болғандар саны 15 балаға жетуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Полицейлер бұл фактіні жоққа шығарып, үш жәбірленушінің арыз жазғанын айтты.

«Осы уақытқа дейін 3 жәбірленуші арыз берді. 15 дерек шықты немесе 15 арыз берілді деген шындыққа сәйкеспейді, 15 жәбірленуші жоқ! Басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр», - делінген Түркістан облыстық ПД ресми хабарламасында.

Тақырыпқа орай: «Өте момын»: Шәуілдірде балабақша күзетшісі зорлаған балалар саны көп болуы мүмкін

Еске салайық, Түркістан облысында Отырар ауданының 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам кәмелетке толмағандарды зорлады деген күдікке ілінді.

Серіктес жаңалықтары