18.10.2023, 14:35
Оқиғалар
Атырау облысында екі адам көлікпен бірге өзенге батып кетті
Көлік ішінен 1971 және 1981 жылдары туған екі ер адамның денесі табылды
Видеодан кадр
Атырау облысында көлік өзенге батып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полицияның хабарлауынша, 17 қазанда учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздері барын хабарлаған.
«Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды. Көлік ішінен 1971 және 1981 жылдары туған екі ер адамның денесі табылды. Дене жарақаттары анықталмаған», - делінген хабарламада.
Бейнекамераларда 16 қазанда сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны түсіп қалған.
Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды