Астанадағы құрылыс нысандарының бірінен құлап кеткен үшінші альпинист көз жұмды

Azattyq Rýhy

Төртінші альпинистің жағдайы ауыр деп бағаланады

Астанадағы құрылыс нысандарының бірінен құлап кеткен үшінші альпинист көз жұмды

12 қазан күні Астанада құрылыс алаңында төрт жұмысшы биіктен құлап кетті. Салдарынан біреуі оқиға орнында, тағы бірі ауруханада көз жұмды. Ал бүгін жансақтау бөлімінде жатқан үшінші альпинист бақилық болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана қаласы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметін сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 1999 жылғы науқас ауыр халде көптеген ауыр ішкі жарақаттармен № 2 көпсалалы қалалық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылып, онда барлық қажетті жедел көмек көрсетілді.

«Осы уақыт аралығында науқас ауыр жағдайда болды. Аурухананың медициналық қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан барлық емдеу кешеніне қарамастан, өкінішке қарай, науқасты құтқару мүмкін болмады», - делінген хабарламада.

Аталған аурухананың жансақтау бөлімінде тағы бір зардап шеккен альпинист жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланады.

Бұған дейін Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрған болатын.

Қорытындысы бойынша, оқиғаның орын алуына қатысты себептер мен жауапты тұлғалар анықталатын болады. Тергеу жұмыстары нәтижесінде, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полиция департаментіне тапсырылады.

Сонымен қатар, аталған объектідегі барлық құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.