$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2023, 13:57
Оқиғалар

Қарағанды облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен

Ол кінәсін мойындады

Қарағанды облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен
Коллаж: Azattyq Ruhy

Қарағанды ​​облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен павлодарлық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Осакаровка – Молодежный тасжолында Молодежный ауылынан алты шақырым жерде болған.

«Көлік жүргізушісі ер адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. 40 жастағы ауыл тұрғыны алған жарақатынан есін жимай көз жұмды», - делінген хабарламада.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері жол-көлік оқиғасы болған жерден бампер сынықтары мен көлік белгісін тапты. Облыстық ПД криминалдық полициясы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктіні – Павлодар облысының 45 жастағы тұрғынын ұстады.

«Жүргізуші кінәсін мойындады. Оның айтуынша, ол көлікпен Осакаровка ауылына қарай келе жатып, жәбірленушіні қағып кеткен», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» және ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі «ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары