$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2020, 00:50
Оқиғалар

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас елордадан келген

Ол 16 адаммен қарым-қатынаста болған

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас елордадан келген
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус жұқтырған азамат Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Ол 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Жетісай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 30 наурыз күні қаралған. Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойызбен Қарағандыға келіп, 6 сағаттай аялдап, Шымкентке Петропавл-Қызылорда бағытындағы пойызбен келген. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан», - деп жазылған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Әзірге анықталғаны науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса, 11 адам Жетісай қаласының тұрғындары. Өзге де байланыста болған адамдар анықталуда.

Серіктес жаңалықтары