$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2023, 16:26
Оқиғалар

ЖОО-ға түспекші болған елорда тұрғыны алаяққа алданып қалды

Келтірілген залал көлемі 600 000 теңгені құрайды

ЖОО-ға түспекші болған елорда тұрғыны алаяққа алданып қалды
Фото: ашық дереккөзден

Астанада ЖОО-ға түспекші болған азамат алаяқтың арбауына түсіп қалды, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy Полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Елорда тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын айтып, полицияға шағым түсірген. Айтуынша, 28 жастағы азамат жоғары оқу орнына түсуге көмектесемін деген желеумен ақшасын алып, кейіннен сан соқтырған. Оған келтірілген шығын көлемі 600 000 теңгені құрайды.

Анықталғандай, алаяқ өзінің қолынан іс келетін таныстары барын алға тартып, төмен балл жинаған талапкерді университетке түсіремін деп уәде берген. Ол өз қызметін 1,5 миллион теңгеге бағалап, 600 000 теңге алдын ала төлем алған. Кейін ақшаны қалтасына басқан соң уәделескен жәбірленушімен байланысын үзген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде оның жеке басы анықталып, тағы да осыған ұқсас алаяқтық іске қатысы бар екені белгілі болды. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оның елордада осыған ұқсас заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Серіктес жаңалықтары