Әлеуметтік желіде теріс діни ағымды насихаттаған 40 жастағы ер адам жауапқа тартылды
Ол әлеуметтік желіге жат ағымдағы бейне материалдарды жүктеген

Әлеуметтік желіде теріс діни ағымды насихаттаған шымкенттік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде ақпараттық жүйеге мониторинг жүргізді.
Теріс діни мазмұндағы кітаптарды сатумен және сол тектес ақпараттарды таратумен айналысатын ғаламтор беттерін саралады.
Нәтижесінде, әлеуметтік желіге жат ағымдағы бейне материалдарды жүктеген 40 жастаағы қала тұрғыны күдікке ілінді. Ер адамның жеке парақшасына сараптама тағайындалды.
Теолог-мамандардың қорытындысына сәйкес, азамат ҚР- ның діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны анықталды.
Сәйкесінше, заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабымен хаттама толтырылып, сот шешімімен 50АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Өз кезегінде, полицейлер дәстүрлі емес діни ағымды насихаттайтын кез-келген ақпаратты дайындау, басып шығару, тарату және жариялау заң жүзінде жауапкершілікке тартуға әкеп соғатынын ескертеді.