11.10.2023, 18:07
Оқиғалар
Астанада сотталушы кісендеулі күйінде қашып кетті
ҚАЖК аталған ақпаратты растады
Астана қаласындағы ЕЦ-166/10 мекемесінен қашып кеткен күдікті туралы ақпарат мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«1992 жылы туған сотталушы Байқоңыр ауданы арқылы кісендеулі күйі ЕЦ-166/10 мекемесінен қашып кетті. Бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы сот болып, ЕЦ-166/10 мекемесінің аумағына жеткізілген кезде сотталушы қашып кетті. Қаладан шығатын жолдарға нарядтар жіберілді», - делінген хабарламада.
ҚАЖК аталған ақпаратты растады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)