Алматыда ашулы әйел турагенттік қызметкерінің басына қайшы тығып алған
Полиция тергеу басталғанын хабарлады
Алматыда турфирмалардың бірінде виза ала алмай қалған әйел туристік компания қызметкерінің басына қайшы тығып алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Kriminal Kazakhstan Telegram-арнасы жазғандай, туристік агентпен сөзге келіп қалған клиент оған кеңсе заттарын лақтыра бастаған. Артынша қолындағы қайшы қызметкердің басына қадалған.
Зардап шеккен әйел жедел жәрдем келгенше басындағы қайшыны өз қолымен шығарып алған.
«Жедел жәрдем мен полицейлер келгенде, клиент әйел өтірік айтып, «ол өзін-өзі жарақаттап алды» деп айғайлады. Жан-жағым қанға боялып жатты. Дәрігерлер жарамды тігіп берді. Қазір күн сайын жарақатымды таңуға барып жүрмін. Маған қайшы лақтырған әйел басына орамал таққанымен, діндар адамға жат қылықтарға барды», - дейді турагент қызметкері.
Алматы қалалық полиция департаменті аталғае ақпаратты растап, тергеу басталғанын хабарлады.