11.10.2023, 13:25
Оқиғалар
Ақтауда төрт адамнан 100 кг марихуана тәркіленді – ҰҚК
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Шекара қызметі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Өткізілген операцияның нәтижесінде Ақтау қаласында «есірткі тасымалдады, сатты» деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды.
Тінту барысында 100 кг аса «марихуана» есірткі заты тәркіленді.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады